«Саналы ұрпақ» клубы - колледжде құқықтық білімді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау үшін құрылған студенттердің ерікті бірлестігі. Басшысы: М.Р. Зулпыхарова
Қазақ-неміс политехникалық колледжі студенттерді жемқорлықпен күресуге шақырады, сондықтан «Саналы ұрпақ» клубы студенттерге колледжде жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты колледжде «Саналы ұрпақ» клубының белсенділерімен «Таза сессия» акциясы 2023 жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Оған біздің колледждің барлық студенттері қатысады.
• Әділ сессияны қамтамасыз ету мақсатында «Саналы ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес сауалнаманы жасырын толтыру ұсынылды, оны ұйымдастырушылар білім беру қызметтерін көрсету және емтихан қабылдау сапасына қанағаттану мәніне әзірледі, емтихан сессиясы кезіндегі жағымсыз фактілерге байланысты мәселелерді ашық талқылау ұйымдастырылды.
• Акцияның негізгі мақсаты - студенттерге жемқорлықтың не екенін және оның салдары қандай болатынын түсіндіру.
• Мұндай акция қысқы және жазғы емтихан сессиясы кезінде жылына 2 рет өткізіледі. Ағымдағы жыл да солай болды.
• Қазақ-неміс политехникалық колледжінің басшылығы студенттерді колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсене қатысуға, сондай-ақ «Таза сессияның» өткізілуін бақылауға және сапалы білім алуға өздерінің құқықтары шеңберінде әділеттілікке қол жеткізуге шақырады.