Жетекшісі: Ерғараев Досбол
Робототехника электроника, механика, кибернетика, телемеханика, мехатроника, информатика, сондай-ақ радиотехника және электротехника сияқты пәндерге негізделген. Құрылыс, өндірістік, тұрмыстық, медициналық, авиациялық және экстремалды (әскери, ғарыштық, су асты) робототехникасы бар.
Робототехника сабақтары шығармашылық және логикалық ойлауды, жауапкершілікті, табандылықты, шыдамдылықты, алғырлықты, есте сақтауды және ұсақ моториканы дамытады. Сабақ барысында балалар логикалық әрекетке, негізделген шешім қабылдауға, басқалардың пікірін тыңдауға, бірлесіп жұмыс істеуге, бастаған ісін аяқтауға үйренеді.