Оқу процесін жалпы жоспарлау нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
- оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады;
- білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді;
- білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оқу жылына педагогтердің тарификациялық тізімін әзірлейді, педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосының толтырылуын бақылайды;
- оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- білім алушыларды ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады және оған қатысады, оларды басшыға ұсынады;
- педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады;
- педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;
- оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;
- ғылыми-әдістемелік кеңестерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
- оқу жұмысы бойынша есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру( растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
- білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.