УРАЗБАЕВА КУНСУЛУ ДУЗУБЕКҚЫЗЫ | Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
УРАЗБАЕВА КУНСУЛУ ДУЗУБЕКҚЫЗЫ
icon Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Оқу процесін жалпы жоспарлау нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
- оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады;
- білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді;
- білім беру бағдарламаларын, оқу жұмыс жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оқу жылына педагогтердің тарификациялық тізімін әзірлейді, педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосының толтырылуын бақылайды;
- оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- білім алушыларды ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестаттауға дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады және оған қатысады, оларды басшыға ұсынады;
- педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады;
- педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады;
- оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;
- ғылыми-әдістемелік кеңестерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
- оқу жұмысы бойынша есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру( растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді;
- білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
педагоги
img
СҰЛТАНБАЕВ ӘЛИХАН МАҚСАТҰЛЫ
user Директор
Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті басқарады; - мемлекеттік стандарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; - оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу...
Толығырақ
img
УРАЗБАЕВА КУНСУЛУ ДУЗУБЕКҚЫЗЫ
user Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Оқу процесін жалпы жоспарлау нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады: - оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады; - білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын...
Толығырақ
img
ЖУМАРТБАЕВА НУРЖАМАЛ СЪЕДЖАНОВНА
user Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
Жұмыстың мазмұны: - практика мерзімінің орындалуын бақылау және оны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; - кәсіпорындармен және ұйымдармен шарттар жасасу; - студенттердің ғылыми және практикалық жетістіктерін тәжірибеде көрсету мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер...
Толығырақ
img
ЗУЛПЫХАРОВА МАЙРА РАХМАТУЛЛАЕВНА
user Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Студенттермен тәрбие және оқудан тыс жұмыс мамандарды дайындау үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тәрбиенің өзекті мәселелерін шешуге жауап беретін құралдар мен іс-әрекеттер жүйесін құру, терең кәсіби білім мен білімдерді,...
Толығырақ