Волейбол[1](ағылш. volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).

Волейбол — комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

«Қазақ-неміс политехникалық колледжі» оқу орнында волейбол секциялары жұмыс істейді, сонымен қатар біздің колледж студенттерінен құралған «ҚПК құрдастары» волейбол командасы бар. Оқушыларымыз Кентау қаласында мектептер мен колледждер арасында, қала, облыстар арасында өткен түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға, кубоктарға, дипломдар мен жүлделерге ие болды.

Сондай-ақ, колледжімізде қала, қала, облыстар арасындағы түрлі байқауларға қатысып, түрлі жүлделі орындарға, кубоктарға, марапаттарға ие болып жүрген «КПК ПРЕПОД» ұстаздар командасы бар. Мәселен, «Alageum Electric» серіктестігінің 26 жылдық мерейтойында біздің ұстаздарымыз Кентау қаласындағы зауыт және колледж қатысушылары арасында үшінші орынды иеленді.

Кентау қаласындағы колледждер арасында біздің колледж "Спартакиада" спорттық жарысында бірінші орынды иеленді. Спартакиада-бұл волейбол, баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, стритбол ойындарын қамтитын студенттер арасындағы жарыс арқылы спорттық ойындарды кеңейтуге көмектесетін іс-шара.
Сондай-ақ, әр сейсенбі және бейсенбі күндері колледжіміздің спорт залында сағат 17:00-18:30 аралығында волейбол секциясы жұмыс істейді.