✅ Қазақ қашанда қазыналы қартын құрметтеген. Әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді. «Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік»
✅ Шындығында да өсетін елдің өнегелі ұрпағы дария теңіз қариясын құрметтеп, кейуанасын сыйлауды әрқашан өмірлік қағида тұтқан. Ендеше «Үйдегі қарияң – жазып қойған хатпен тең», демекші қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем.
✅ 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай Политех жастары «Қамқор жобасының» аясында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» деген ұранмен Кентау қаласының бірқатар қарттарын мерекелерімен құттықтады. Қарияларымыз ерікті жас студенттерге өз кезегінде алғыстарын және жылы лебіздерін білдірді.
✅ Басты мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.