WorldSkills International (WSI, ағылшынша skills - «шеберлік») - мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіби даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру, бүкіл әлем бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы жұмысшы кәсіптерін танымал ету болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қауымдастық.
2016 жылдан бастап "Кентау политехникалық колледжі" білім беру мекемесі жыл сайын WorldSkills Kazakhstan облыстық және республикалық чемпионаттарына қатысады. Жыл сайын біздің студенттер облыстық, республикалық чемпионаттарда жеңіске жетеді.

​​

Биыл колледж студенттері Астана қаласының орталығында өткен VIII «WorldSkills 2023» республикалық чемпионатына қатысты. Бұл чемпионат жас бәсекеге қабілетті кәсіпқойларды дайындауға ғана емес, сонымен қатар өз білімін ұдайы кеңейтіп отыратын заманауи жағдайға бейімделген маманды дайындауға да ықпал етеді.

«WorldSkills 2023» республикалық чемпионатының жеңімпаздары:​

  • II дәрежелі диплом және «Электроника» құзыреті бойынша екінші орын үшін медаль - 3 курс студенті АУ-0-21 Бахтияров Улугбек, сарапшы-компатриот конкурсант Жарилкасимова Маржан Ғалымжанқызы;

  • «ІТ бизнес үшін шешімдер» құзыреті бойынша VIII орынға сертификат - 2 курс студенті Сунцев Максим, сарапшы-компатриот конкурсант Шулембаева Майра Нұртайқызы​.