Сіздерді Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің күні мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
1989 жылы қыркүйектің 22-де Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Қазақ ССР-і Тіл туралы заңын қабылдаған еді. Осы күн сол кезден бастап Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесі болып аталып келеді.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті – тілде жатыр. Себебі, тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, ең құнды байлығы – қатыныс құралы екендігі сөзсіз. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұрамыз.

Кентау политехникалық колледжі сіздерді Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен құттықтай отыра осы челленджді Кентау көпсалалы колледжіне жолдайды!