Дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны.

Дуальды оқыту туралы шарт – өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін, білім алушы, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын және оқу орны арасындағы жазбаша келісім.


ҚНПК оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында - өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, «КТЗ» АҚ кәсіпорындар базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.

Дуальды оқыту ҚНПК бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.



Колледж:
1) оқу процесіне қажетті жағдайлар туғызады;
2) кәсіпорынмен (ұйыммен) дуальды оқыту бойынша оқу жұмыс жоспарларын және оқу жұмыс бағдарламаларды келіседі;
3) кәсіпорынның (ұйымның) талаптарын ескере отырып, дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырады;
4) кәсіпорында (ұйымда) білім алушылардың өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуіне бақылау жүргізеді;
5) оқу орнында аралық және қорытынды аттестаттауды өткізеді және біліктілік емтиханына қатысады;
6) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісім бойынша педагогтерді тағылымдамадан өтуге жібереді;
7) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді;
8) дуальды оқыту туралы үш жақты шарттар жасасады;
9) білім алушының бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындылары және (немесе) аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша кәсіптік даярлау туралы куәлік береді;
10) кәсіпорын (ұйым) базасында білім алушының өндірістік оқуын және кәсіптік практикасын ұйымдастыру кестесін бекітеді;
11) кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыратын практика жетекшісін немесе өндірістік оқыту шеберін тағайындайды;
12) оқу процесінің кестесіне сәйкес кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламаларын орындау бойынша тәлімгер қол қойған білім
Кәсіпорын:
1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды;
2) оқу орнын жақсарту бойынша ұсынымдарды енгізу мақсатында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысады;
3) оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі;
4) дуальды оқыту бойынша кәсіпорында (ұйымда) оқу, жұмыс орындары туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтінімдер береді;
5) оқу орындарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге қатысады;
6) білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіпорында (ұйымда) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізуді ұйымдастыруды келісімге сәйкес қамтамасыз етеді;
7) білім алушыны кәсіпорынның (ұйымның) нұсқаулықтарына, оқу үшін қажетті құралдарға сәйкес жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етеді;
8) техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған оқушы, жұмыс орындарын ұсынады;
9) дуальды оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға тәлімгерді береді;
10) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады;
11) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша заңнамада және кәсіпорында (ұйымда) жергілікті құжаттар да көзделген барлық нұсқамалықтардың түрлерін жүргізеді;
12) білім алушының аралық және қорытынды аттестаттауына қатысады;
13) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 119-бабына және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға орындалған белгілі бір функционалдық міндеттері үшін өтемақы төлемін жүргізе алады;
14) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған бітірушілерді бос орындар болған жағдайда жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді қарастырады;
15) дуальды оқыту бойынша оқуға ниет білдірген талапкерлермен әңгімелесу жүргізеді;
16) дуальды оқыту туралы үш жақты шарттар жасасады;
17) дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес білім алушының кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді растайды.
Білім алушы:
1) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен танысады;
2) оқу және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтайды;
3) оқу жоспарымен белгіленген көлемде толық оқу курсынан өтеді;
4) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту туралы күнделік жүргізуді, жасалған жұмыс туралы тәлімгерге есеп ұсынады;
5) аралық аттестаудан және дуальды оқыту аяқталғаннан кейін қорытынды атестаттаудан өтеді.
24. Дуальды оқыту саласындағы жергілікті атқарушы орган:
1) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадарлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) өңірде дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;
3) дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
4) өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп дуальды оқытуға оқу орындарын тарту жұмысын жүргізеді және ұйымдарды (кәсіпорындарды) тартуға ықпал етеді;
5) өңірлік палатамен бірлесіп дуальды оқыту туралы шарттар жасауға жәрдем көрсетеді;
6) дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде мониторинг жүргізеді және жәрдемдеседі;
7) дуальды оқыту шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы:
1) дуальды оқытуға қатысуға бойынша, кәсіпорында (ұйымдарда) оқу, жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген кәсіпорындар (ұйымдар) тараптарынан өтінімдер қабылдайды;
2) кәсіпорындардың (ұйымдардың) өтініштері бойынша оқу орындарын оқушы, жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі;
3) дуальды оқыту туралы үшжақты шарт жасауға жәрдем көрсетеді;
4) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарды тіркейді және тізілімін жүргізеді;
5) дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;
6) кәсіпорындарда (ұйымдарда) тәлімгерлерді бекітудің мониторингін қамтамасыз ету және тәлімгерлерді оқытуға жәрдем көрсетеді;
7) дуальды оқытуды оқыған бітірушілерге біліктілікті тағайындау мен біліктілікті беруді өткізуге жәрдемдеседі;
8) біліктілік емтиханын ұйымдастыруда кәсіпорындар өкілдерінің және жұмыс берушілер қауымдастығы қатарынан қалыптастырылатын кандидатураларды біліктілік комиссиясының төрағасы мен құрамын келісуді қамтамасыз етеді;
9) дуальды оқыту саласындағы өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;
10) дуальды оқыту жүйесі бойынша мамандарды даярлау жөнінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысады;
26. Тәлімгер:
1) кәсіпорынның (ұйымның) тікелей басшысының келісімімен өзінің қамқорлығындағы адамды қосымша оқыту үшін кәсіпорынның басқа мамандарын тартады;
2) білім алушыдан өндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқаулардың орындалуын талап етеді;
3) өзінің қамқорлығындағы оқушының қолайлы еңбек қызметі үшін жағдайлар жасау туралы басшылық алдында өтініш жасайды;
4) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;
5) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;
6) білім алушының өндірістік және қоғамдық қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға қатысуға, кәсіпорынның (ұйымның) оны көтермелеу немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тікелей басшыға ұсыныстар енгізеді;
7) білім алушыға өндірістік қызметпен, корпоративтік мәдениетпен танысуға және кейіннен кәсіби дамуына, оның жұмыс орнында кәсіби қызметті бекітуге жәрдемдеседі;
8) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытады;
9) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асырады;
10) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
11) білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсетеді;
12) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады;
13) еңбек етушілерге, олардың еңбегіне және еңбек нәтижелеріне, сондай-ақ қатар жеке еңбекке деген жауапты қатынасты құрметтеуге тәрбиелейді;
14) білім алушыға пікір жазады;
15) педагогикалық технологиялар саласында өз біліктілік денгейін көтереді;
16) дуальды оқыту туралы шарты шеңберінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушының міндеттемелерінің орындалуын растайды.