Қазақстан Президенті «Alageum Electric» Компаниялар тобының Құрылтайшысы
Сайдолла Қожабаевты «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарға, елеулі үлес қосқан бірқатар бизнесмендерге алғыс білдірді. Марапаттау салтанатты түрде Ақордада өтті
«Alageum Electric» КТ құрылтайшысы Сайдолла Қожабаев «Алтын барыс» төсбелгісімен және Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Тасқынның зардабын жоюға бірқатар кәсіпкеріміз қомақты қаражат бөлді. Олар әрдайым туған елімен бірге екенін нақты іспен дәлелдеді. Ұлт мүддесіне сай жауапкершілігі мол кәсіпкерлік дегеніміз – осы», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, «Alageum Electric» КТ су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек ретінде 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.