Диплом табыстаудың рәсімі
🎓 2024 жылдың 28-ші маусым күні Кентау политехникалық колледжінің түлектеріне диплом табыстаудың рәсімі салтанатты түрде өтті.

🎓 Кентау политехникалық колледжін 7 топ, 130 студент сәтті аяқтады. Соның ішінде 10 түлек үздік студент атанып, жыл сайынғы дәстүр бойынша «Alageum Electric» компаниясының құрылтайшысы Қожабаев Сайдулла Ильясұлының атынан 1000$ көлеміндегі сыйақыға ие болды.

🎓 Салтанатты шараға «Alageum Electric» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Күнтуаров Серғазы Нұртазаұлы, Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымбекова Айгүл Ерқалиқызы, «Alageum electric» басқарушы компаниясының трансформатор құрылысын дамыту жөніндегі директоры Худайбергенов Бауыржан Амангелдіұлы, Кентау қаласы білім бөлімінің басшысы Әуелбеков Әділ Арысбайұлы, Кентау трансформатор зауытының өндірістік директоры Зубков Сергей Анатольевич,
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Елеусізов Қаблан Жамалбекұлы, Кентау трансформатор зауыты АҚ кадрлар бөлімінің басшысы Кабекеева Раушан Ермашевна, Кентау қалалық «АМАНАТ» партиясы төрағасы Басаров Арман Амангелдіұлы және Кентау тарнсформатор зауытының Бас есепшісі Сәдуахасова Сабина Ирежепқызы қатысып, жас мамандарға ақ жол тілеп, алдағы ел игілігіне асырылатын қызметтеріне сәттілік тіледі.

🎓 Салтанатты іс-шараның соңында Кентау политехникалық колледжінің директоры Сұлтанбаев Алихан Мақсатұлы түлектердің ата-аналарына алғысы шексіз екенін жеткізіп, өз атынан арнайы алғыс хат табыстады.

🎓 Ақ жол Жас түлек!
Келешектеріңіз жарқын болсын Жас маман!
Біздің сіздерге артар сеніміміз мол❤️