✅ «ДосболLIKE» акциясы аясында Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен Кентау политехникалық колледжінде «Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ!» атты мотивациялық кездесу өтті.

✅ Отырысты Кеңес төрағасы Садуов Талғат Нұралыұлы ашып жүргізіп отырды. Кездесу барысында жалпы достық және өзге ұлттармен достық қарым –қатынас туралы айтып өтті.

✅ Кездесудің мақсаты - бірлік пен келісімді нығайта отырып, тұрғындар, жастар, этностар арасында достық пен татулықты, бірегейлікті сақтау, дамыту.

✅ Жиын барысында аға буын өкілдері елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ең басты назарда ұстау қажеттілігі, ең басты тәрбие отбасы тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғап, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулыды.

✅ Сонымен қатар, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.