Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің негізгі функциялары
  1. Жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау. Қызметкерлердің еңбек жағдайларын арнайы бағалауды ұйымдастыру, әдістемелік басшылық ету.
  2. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді ұйымдастыру.
  3. Жұмысқа жаңадан қабылданатындардың барлығымен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама жүргізу.
  4. Басшылардың жұмыс орнында нұсқама жүргізуін, қызметкерлердің еңбегін қорғау бойынша оқуын және білімін тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
  5. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қайта қарау кезінде бөлімше басшыларына әдістемелік көмек көрсету.
  6. Университет қызметкерлеріне зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары үшін өтемақылар мен жеңілдіктер беру туралы бұйрықтар дайындау. Мерзімдік медициналық тексеру жүргізуді ұйымдастыру.
  7. Университет бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, лауазымды адамдарға еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды ұсыну
«Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» кабинеті​ 1.Жалпы ауданы-67,94квм
2. Студенттер парталары-13
3.Студенттік орындықтар-26
4.Бор тақтасы-1
5.Проектор – 1
6.Компьютер жиынтықпен – 1
7.Оқытуға арналған ақпараттық стендтер (қабырға)-4
8.Электр қолғаптар
9.Резеңке сопогтар
10.Қауіпсіздік каскасы
11.Плоскогубцтер
12.Оқытушыға арналған үстел - 1