«Политех жастары» еріктілер клубы - жастар мен студенттер үшін еріктілік алғашқы кәсіби тәжірибе алудың тамаша жолы, бұл өз дағдыларын жетілдіруге және өзін жақсы танытуға мүмкіндік береді. Өйткені, волонтерлер кез-келген іс-шараны әдемі және жарқын етеді. Волонтер бола отырып, біз коммуникация, креативті және стандартты емес ойлау дағдыларына, қызметтің түрлі салаларында жұмыс тәжірибесіне ие боламыз. Керемет эмоциялар, жаңа танысулар мен достар, осының барлығын волонтер бола отырып, тегін алуға болады.Басшы: Абдукаримов Айшабибі.
Мысалы, 2023 жылғы 8 қазанда педагог-психолог «Ғажайыптар дүкені» қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңке мақсаты:
- Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Әлеуметтік практиканы іске асыру;
- Шешім қабылдауда дербестікті, шығармашылық істерді іске асыруда ұжымшылдықты тәрбиелеу;
Түскен қаражаттың кірісі мен жұмсалуы: Түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Директордың тәрбие бөлiмi жөнiндегi орынбасары, әлеуметтанушы-педагог, оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi, ұйымдастырушы мен кураторлар түскен ақшаны кiмге жұмсайтынын анықтайды.