✅ Түркістан облысының білім басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 14 мамырдағы №28-1-3/1209-И хатына сәйкес 2024 жылдың 29 мамырында жазғы емтихан сессиясы барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Академиялық адалдық және таза сессия» науқаны бойынша Кентау политехникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зулпыхарова М. Р студенттермен түсіндірме жұмысын жүргізді.

✅ «Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру.
Акция аясында колледждің білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылады.

✅ Түсіндірме жұмысының барысында студенттерге «Таза сессия» науқаны туралы және сыбайластықтың жауапкершілігі түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық үшін Заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы бейнеролик көрсетіліп, адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жететіндігіне жастар тағы бір рет көз жеткізді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (хабарламалар) беру тәртібін түсіндірді. Түсіндірме жұмысының соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

✅ Кентау политехникалық колледжінің басшылығы студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессияның» өткізілуін бақылауға және сапалы білім алу құқықтары шеңберінде әділдікке қол жеткізуге шақырады.

✅ Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер! Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы келесі мекенжайлар мен телефондар арқылы хабарлай аласыз: 3-34-94