✅ «Таза сессия» акциясының негізгі мақсаты – құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру.
Акция аясында колледждің білім беру ортасындағы бейресми қарым-қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылады.
✅ Түсіндірме жұмысының барысында студенттерге «Таза сессия» науқаны туралы және сыбайластықтың жауапкершілігі түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық үшін Заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы бейнеролик көрсетіліп, адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жететіндігіне жастар тағы бір рет көз жеткізді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (хабарламалар) беру тәртібін түсіндірді. Түсіндірме жұмысының соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
✅ Кентау политехникалық колледжінің басшылығы студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессияның» өткізілуін бақылауға және сапалы білім алу құқықтары шеңберінде әділдікке қол жеткізуге шақырады.
✅ Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер! Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы келесі мекенжайлар мен телефондар арқылы хабарлай аласыз: 3-34-94