“Қазақ-неміс политехникалық колледжі” ББМ Квазимемлекеттік сектор субьектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы мәлімет
05 қаңтар 2023 жылы колледж директорының №02-04П бұйрығына сәйкес колледжде Квазимемлекеттік сектор субьектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметіне жауапты болып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Р.Зулпыхароваға жүктелді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру іс-шараларының жоспары бекітіліп жұмыстар жүргізіліп, хаттамалары толтырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар:
«Адалдық сағаты» республикалық акциясы
2023 жылы 28 қыркүйегінде «Қазақ-неміс политехникалық колледжінде» барлық топ студентеріне жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниет қалыптастыру мақсатында біріңғай "Адалдық сағаты" өткізілді. Адалдық сағатын өткізудің мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеу дәріптеуге үлес қосу.Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен соңғы уақытта сыбайлас жемқорлық көріністері жылдан жылға азайып келеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың алдын - алу бойынша уәкілетті орган болып табылады. Осы орайда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденеитті қалыптастыру, оның шінде жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүрізу маңызды шаралардың бірі. Себебі, жастар - кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі - жастар екенін естен шығармағанымыз абзал. Қазақстанның болашағы сендерге, білімдерің мен патриотизмдеріңізге байланысты. Біз қазір жасап жатқанның бәрі сендердің бақытты өмірлерің үшін жасалып жатқан маңызды қадам. Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс.
2023 жылдың 26 қазан күні Қазақ-Неміс политехникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Саналы ұрпақ жемқорлыққа жол бермейді» тақырыбында студенттер арасында футболдан жарыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты: Сыбайлас жемқорлықтың тұжырымдамалары мен тетіктерін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жариялау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жайлы насихаттау.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның, мемлекеттің және жекелеген азаматтардың мүдделеріне орасан зор, кейде орны толмас зиян келтіретіні туралы атап өтілді. Сайыс соңында студенттерге кубок және сыйлықтар табысталды.
Қазақ-неміс политехникалық колледжі студенттерді жемқорлықпен күресуге шақырады. Осыған орай колледжде «Саналы ұрпақ» клубының белсенділерімен «Таза сессия» акциясы басталды.Оған колледжіміздің барлық студенттері қатысады.
«Саналы ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес сессияның шынайы өтуін қамтамасыз ету мақсатында акцияны ұйымдастырушылар білім беру қызметтері мен емтихандардың сапасына қанағаттанушылыққа қатысты әзірлеген сауалнаманы жасырын түрде толтыру ұсынылды. Емтихан сессиясы барысында келеңсіз фактілерге байланысты мәселелерді ашық талқылау ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты студенттерге сыбайлас жемқорлықтың не екенін және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіру.
Бұл акция жылына екі рет қысқы және жазғы емтихан сессияларында өткізіледі.
Биыл да ерекшелік болған жоқ. Қазақ-Неміс политехникалық колледжінің басшылығы студенттерді колледждегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсене атсалысуға, сондай-ақ, сапалы білім алу құқықтары аясында «Таза сессияны» бақылауға және әділдік іздеуге шақырады.