4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні!

Рәміздер күніне орай Кентау политехникалық колледжінің жатақхана тәрбиешілері студенттермен «Ел рәміздері-елімнің мақтанышы» тақырыбында сурет сайысын өткізді.

Сайыс білім алушыларға Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу, әр элементтерін жатқа білу, авторларын құрметтеуге тәрбиелеу, Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтау мақсатында жүргізілді. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы әрі біздің ең киелі құндылықтарымыз.

Сайыс барысында студенттеріміз 3 топқа бөлінді:
1топ: «Алаш» тобы
2топ: «Қыран» тобы
3топ: «Алға» тобы
Дәстүрден тыс техникаларды және дәнді дақылдарды пайдаланып жұмыс жасады. Әр топ өз жұмыстарын түсіндіріп, қорғап шықты.

1992 жылы дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Гимні бекітілді. Бұл рәміздер елдің егемендігі мен бірегейлігін бейнелеп, қазақстандықтарды рухтандырады және біріктіреді. Ту, Елтаңба және Гимнді құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, елтаңба мәртебемізді көрсетіп, әнұран Ұлы даланың еркіндік үнін жеткізе берсін.

Сайыс нәтижесі бойынша суретшілер мақтау қағаздармен және тәтті сыйлықтармен мараппатталды.
🥇орын «Алаш» тобы
🥈 орын «Қыран»тобы
🥉 орын «Алға» тобы жеңіп алды .

Тәуелсіз еліміздің тәуелсіз ұрпағы қашанда асқақ әрі биік болғай!