Кентау политехникалық колледжінің базасында 2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында құзыреті бойынша «WorldSkills Abylimpics Turkestan - 2024» облыстық чемпионаты өтті.
🔰 «Графикалық дизайн»
🔰 «Прототиптеу»
🔰 «Мобилді қосымшыларды әзірлеу»
🔰 «Инженерлік графика CAD»
🔰 «Электроника»

Чемпионатқа 21 колледж қатысты. Кентау политехникалық колледжінің студенттері 13 құзыреттілікке қатысты.

WorldSkills негізгі құндылықтары тұтастық, ашықтық, әділеттілік, серіктестік және инновациялар болып табылады. Оның мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіби даярлық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру, бүкіл әлем бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы жұмысшы кәсіптерін танымал ету болып табылады.

Негізгі мақсаты:
🔰 Жастарды кәсіби даярлаудың үздік әлемдік тәжірибелерін анықтау және оларды техникалық білім беру жүйесіне енгізу.
🔰 Оқу бағдарламаларын жетiлдiру бойынша тұрақты әдiстемелiк көмек арқылы Қазақстанның сарапшылық қоғамдастығын дамыту.
🔰Еңбек адамының мәртебесін және техникалық кәсіптердің беделін арттыру.
🔰Кадрлар даярлаудың инновациялық нысандарына қолжетімділікті ашу.