«WorldSkills Abylimpics Turkistan -2024» чемпионаты
✅ 2024 жылдың 13 және 17 мамыр аралығында Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «WorldSkills Abylimpics Turkistan -2024» өткізілді.

✅ 17 мамыр күні Түркістан облыстық әмбебап ғылыми «Farab» кітапханасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілетін дәстүрлі шеберлік байқауының жабылу салтанаты ұйымдастырылды.

✅ Облыс біріншілігінде топ жарған студенттерге облыс әкімдігі тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.

✅ Еңбек адамның мәртебесін асырып, жұмысшы мамандықтарға деген сұранысты арттыруға бағытталған сайыста Кентау политехникалық колледжінің студенттеріде шет қалмады.

✅ Чемпионатты қорытындысы бойынша:

🥇орын - «Бизнеске арналған IT шешімдері» құзіреттілігі бойынша АУ-0-21 тобының студенті Сунцев Максим.
Сарапшы: Гүлбаршын Ержанқызы.

🥇орын - «Электроника» құзіреттілігі бойынша ЭЭ-0-21 тобының студенті Нұртасов Нұрдаулет.
Сарапшы: Айдана Бердібекқызы.

🥈орын - «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзіреттілігі бойынша АУ-02-23 тобының студенті Максютов Илья.
Сарапшы: Айару Уалиханқызы.

✅ Чемпионатқа қатысып, өз кәсіби біліктілігін көрсеткен студенттер мен жетекшілеріне алғысымыз шексіз.
Жеңісті күндеріміз көп болсын!